Ссылки доступа

HRW түркімен билігінен Алтымурад Аннамурадовтың өлімінің себебін анықтауға шақырды


Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Түркіменстан билігін Алтымурад Аннамурадовтың өлімінің себебін анықтауға шақырып мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде түркімендік БАҚ хабарлайды.

Алтымурад Аннамурадов — қазіргі уақытта Швецияда тұратын, Азат Еуропа / Азаттық радиосының бұрынғы тілшісі және бірқатар тәуелсіз БАҚ-та жұмыс істеген журналист Чары Аннамурадовтың бауыры. Чары түркімен билігінің сұрауы бойынша 2016 жылдың маусым айында Белоруссияда ұсталған.

Human Rights Watch сол кезде түркімен және белорус билігінің Швеция азаматына санкция салып ұстауға еш құқығы жоқ екенін айтып мәлімдеме жасаған. Чары Аннамурадов екі айдан кейін Минск түрмесінен босатылып, Швецияға оралған.

«Алтымурад Аннамурадовтың өлімі саясиэмигрант үшін алынған кек секілді. Түркімен билігі көп жылдар бойы Чары Аннамурадовты және оның отбасының ізінен түсіп келеді. Оның бауыры халықаралық даудың құрбаны болды», - деп мәлімдеді HRW Еуропа және Орталық Азия бойынша директор орынбасары Рейчел Денбер.

Алтымурад 4 қыркүйекте қайтыс болды. Өлімінен төрт күн бұрын оны белгісіз біреулер үйінен ұрлап әкеткен. Екі күннен кейін ауыр соққы іздерімен үйіне оралған. Алтымурад туыстарына ұрлап әкеткендер ағасы туралы сұрағанын, қатты ұрып-соққанын айтқан. Екі күннен кейін 52 жастағы ер азамат көз жұмды.

XS
SM
MD
LG