Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев - Өзбекстан президенттігіне үміткер


Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы сәрсенбі күнгі съезінде ел президенті қызметін уақытша атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзияевті мемлекет басшысы сайлауына үміткер ретінде бекітті. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне партия өкілі хабарлады.

"Съезде Шавкат Мирзияев кандидатурасы бірауыздан мақұлданды", – деді ақпарат агенттігіне партия өкілі. Оның айтуынша, жақын күндері партия Орталық сайлау комиссиясына үміткер туралы мағлұмат өткізуі керек.

Заңға сәйкес, президенттікке үміткерлерді тіркеу үшін партиялар ОСК-ге Өзбекстандағы барлық сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының (214,35 мың адам) қолы қойылған қағаздарын тапсыруы тиіс. Президент қызметіне үміткерлерді тіркеу 30 қазанда аяқталады.

ОСК 23 қыркүйекте елде тіркелген төрт партияға Өзбекстан президентін сайлауға қатысуға рұқсат берді.

Өткен аптада Ұлттық демократиялық "Миллий тикланиш" ("Ұлттық қайта өркендеу") партиясы съезінде парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты үміткер ретінде бекітті. Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы атынан Хотамжон Кетмонов үміткер атанса, "Адолат" социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров бекітілді.

Өзбекстандағы президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді.

XS
SM
MD
LG