Ссылки доступа

Душанбеге Түркия сыртқы істер министрі барады


Түркия СІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, елдің бас дипломаты Мавлуд Човушоглу Тәшкент пен Астанадағы сапарынан кейін Душанбеге барады. Онда Тәжікстан президенті мен тәжік әріптестерімен кездеседі.

Келіссөз барысында саяси тақырыптан бастап әскери ынтымақтастық, сауда, экономикалық мәселелерге дейін көтеріледі делінеді. Түрік билігі сапар барысында «екі жақты ынтымақтастық, әлемдегі және аймақтардағы қазіргі ахуал мәселелері талқыланады» деп мәлімдеді.

Сонымен бірге Түркия президентінің Тәжікстанға сапары да күн тәртібінде қаралатын тақырыптардың бірі болмақ.

Анкарадағы Тәжікстан елшілігі Түркия Тәжікстанның әлемдік аренадағы маңызды әріптесінің бірі деп атады.

Түркияның Қытай, Ресей мен Қазақстаннан кейінгі ірі сауда әріптестерінің бірі Тәжікстан болып табылады.

XS
SM
MD
LG