Ссылки доступа

Алматыда Боқаев пен Аянның жақтастары ұсталды


Қазақ полициясы 23 қазанда Макс Боқаев пен Талғат Аянға қолдау көрсету мақсатында Алматы қаласында акция өткізгісі келген белсенді топты ұстады.

Жиналғандарды айнала қоршап алған полиция акцияның төрт белсендісін ұстап әкетті. Қалғандары құқыққорғау органы қызметкерлерінің әрекетіне наразылық танытты.

Акцияны ұйымдастырушылардың екеуі биыл көктемде митинг өткізу тәртібі туралы заңды бұзғаны үшін 15 күн әкімшілік жаза өтеп шыққан. Олар аграрлық жердің шетел азаматтарына ұзақ мезімге жалға беруге қарсы шықты. Кейін бұл заң тоқтатылды.

21 мамырда Атырауда жер реформасына қарсы шеруге шыққан Боқаев пен Аянның ісін Атырау қалалық соты қарап жатыр. Оларды наразылық акциясынан кейін ұстады. Сотталушылар "ұлт араздығын туғызды" деген айыппен келіспейді, олар істің саяси астары деп есептейді.

XS
SM
MD
LG