Ссылки доступа

Астана: соңғы 10 жылда жүз миллиардқа жуық теңге заңсыз жолмен шетел асты


Қазақ үкіметінің мәдімдеуінше, шетелге заңсыз жолмен өткен қаражаттың бір бөлігі ғана елге қайтарылды.

Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, соңғы 10-15 жылда Қазақстаннан кем дегенде жүз миллиард теңгеге жуық қаражат шетелге заңсыз жолмен шығарылған, соның шамамен 30 пайызы ғана елге қайтарылды.

Крваченко бұл соманың нақты емес екенін ескертті.

"Қаражатты сыртқа шығарған адамдарға қатысты қылмыстық іс мерзімдері әлі түгесілген жоқ, сол себепті бұл қаражат әлі қайтарылады деп үміттенеміз. Біз қазір әлемнің барлық елдерімен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Кравченко.

XS
SM
MD
LG