Ссылки доступа

Мирзияев сот жүйесін реформалай бастады


Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев бірқатар қылмыстар бойынша түрме жазасын алып тастайтын үкім қабылдады.

Мирзияев "Сот-құқық жүйесін реформалау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдерін күшейту жөніндегі шаралар туралы" үкімге 21 қазанда қол қойды.

Құжатқа сәйкес, күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 72-ден 48 сағатқа қысқартылады, ал үйде қамауда ұстау мерзімі – ​1 жылдан 7 айға дейін.

Бұдан бөлек, жаңа үкімге сәйкес, пошта-телеграф жолдамасын құлыптау және эксгумация өткізу секілді құзыреттер прокуратурадан сот органына өтеді.

Құжатта айтылғандай, қоғамға қауіп төндірмейтін бірқатар қылмыстар Қылмыстық кодекстен алып тасталынады.

XS
SM
MD
LG