Ссылки доступа

Қазақстанда қыз-келіншектер сүт безі ісігі бойынша тегін тексеруден өтті


23 қазанда Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлері сүт безі ісігіне қарсы күрес күніне орай ашық есік өткізді. Әйелдер мен қыздарды тексеруден өткізіп, кеңес беру тегін жүрді.

Алматыдағы онкология және радиология институтының қызметкері Асем Тоғызбаева Қазақстанда жыл сайын шамамен төрт жүз қыз-келіншекте сүт безі ісігі анықталады дейді.

Дәрігерлердің есебі бойынша, жыл сайын бұл індетпен мың жарым адам қайтыс болады.

Елде профилактикалық тексеру жергілікті емханаларда тұрғылықты мекен-жайы бойынша тегін жүргізіледі.

XS
SM
MD
LG