Ссылки доступа

Өзбек билігі шаруалардың құқығын қорғаушыны босатты


Правозащитник Бобомурод Раззаков после освобождения из тюрьмы, 25 октября 2016 года.
Правозащитник Бобомурод Раззаков после освобождения из тюрьмы, 25 октября 2016 года.

63 жастағы адам құқығын қорғаушы Бобомурод Раззаков үш жыл түрмеде отырып шықты. Бұл туралы "Эзгулик" адам құқығын қорғау қоғамы хабарлады. Ұйым белсенділері Василя Иноятова мен Әбдірахман Ташанов оны 25 қазанда Таваксайдағы түрмеден күтіп алды.

Бобомурод Раззаков 25 қазанда түрмеден босатылды, ол түрме бақылаушысымен бірге Бұхараға кетті.

2013 жылы Раззаков кісі сатты деген айыппен 4 жылға сотталды. Раззаковтың өзі сотта бұл істі "қолдан жасалған" деп атады.

Қылмыстық іс материалы бойынша, сотталушы белгілі бір адамдарды Ресейге жіберіп отырған делінеді. Адам құқығын қорғаушылар Раззаковты саяси көзқарасы үшін қудалады деп есептейді.

"Эзгулик" қоғамының белсендісі Бобомурод Раззаков фермерлік шаруашылықпен айналысты, бұхаралық шаруалардың мүддесін қорғап, жергілікті биліктің заңсыз әрекеттерін әшкереледі.

XS
SM
MD
LG