Ссылки доступа

ИМ лидерінің Түркия билігіне сес көрсететін жазбасы жарияланды


«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы интернетке өздерінің лидерлері Әбу Бәкр әл- Бағдадидің үндеуінің аудиожазбасын жариялады. Жазбаның ұзақтығы жарты сағаттай. Оның дәлдігі анықталмаған.

Аудиожазбада өзін әл-Бағдади деп таныстырған адам жақтастарын Мосулды шабуылдап жатқан Ирак әскеріне қарсылық көрсетуге және берілмеуге шақырған.Оның өзі ИМ-нің жеңісіне сенетінін білдірген. Ол сонымен бірге Түркияға сес көрсеткен.

Бұл әл-Бағдадидың бір жылға жетер-жетпес уақыттан кейінгі бірінші үндеуі. Осының алдында оны мерт болды деп болжаған.

Жазба Мосулды азат етуге арналған шабуылдардан кейін екі апта өткен соң жарияланып отыр. ИМ 2014 жылдың маусымында Ирак территориясының үштен бірін басып алған соң Бағдади Мосулда Ирак пен Сирия территориясында "ислам мемлекеті" орнағанын жариялаған.

ИМ-мен күресетін АҚШ жетекшілік ететін коалицияның мәліметінше, Мосулда үш мыңнан бес мыңға дейін содыр бар. Мосулға шабуылдап жатқан әскер саны ондаған мыңға жетеді. Осы аптада ирак әскері Мосулдың шығысындағы ауданға кірді.

XS
SM
MD
LG