Ссылки доступа

Америкада танымал ақын, Өзбекстан гимнің авторы қайтыс болды


Народный поэт и Герой Узбекистана Абдулла Арипов.
Народный поэт и Герой Узбекистана Абдулла Арипов.

Халық ақыны және Өзбекстан қаһарманы Абдулла Арипов 5 қарашада 75 жасында америкалық Хьюстон қаласында дүниеден озды.

Өткен бейсенбі күні ақын бүйрегінің істен шығуына байланысты комаға түсіп, Хьюстон клиникасына жеткізілген. Өзбекстан гимнің авторы Абдулла Арипов соңғы екі айда қызы Мавлюда Арипованың америкалық Техас штатындағы үйіне қонақтап барған.

Арипов 1941 жылы Өзбекстанның Қашқадария облысының Некуз ауылында дүниеге келген.

1963 жылы журналистика факультетін аяқтаған соң, ол түрлі басылымдарда редактор болып істеді, Өзбекстан жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарды. 1988 жылы ол Өзбекстан авторлық құқық жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

2000–2001 жылдары Абдулла Ариповтың төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ақынның өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

XS
SM
MD
LG