Ссылки доступа

Ресейлік студент Сириядағы жігіттері туралы сотта баяндап берді


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобына кіруге талпынды деп айыпталған Варвара Караулова (Александра Иванова) Сирияда бірнеше жігіті болғанын сотта мәлімдеді. Мәскеу аймақтық сотының бейсенбі күнгі отырысында Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті 2012 жылдан бастап әлеуметтік желі арқылы өзін Влад деп таныстырған Айрат Саматовпен араласқанын, сол жігіт үшін ислам дінін қабылдағанын айтты.

Сотталушының сөзіне қарағанда, 2014 жылы қыз бен жігіттің байланысы үзіліп қалды, өйткені Саматов ол кезде Сирияға кеткен. 2015 жылы студент қыз скайп арқылы Сирияда жүрген Надир есімді жігітке "тұрмысқа шыққан". Кейін қызбен Саматов қайтадан байланысқа шығып, Караулова Надирге барудан айнып қалған. Бірақ Саматов-Влад тағы да хабарсыз кетіп, студентпен басқа бір қыз байланысқа шыққан. Ол Караулованы Сирияға шақырған. Студенттің айтуынша, оған ақша мен Түркияға билет жолдаған, сол жерде Караулова Сирия шекарасын кесіп өтуге талпынған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Караулова ИМ тармағы - "Бадр" тобына барып қосылған, тіпті террорлық шабуыл жасауға дайындалған.

Өткен жылдың мамыр айында студент қыз түркия-сирия шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерде ұсталды. Маусым айында оны елге қайтарды. Ол есімі мен тегін өзгерткен. Тергеу кезінде Караулова (Иванова) кінәсін мойындады, 2015 жылдың қарашасында оған қарсы айып тағылды.

XS
SM
MD
LG