Ссылки доступа

Қырғыз президенті Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 11 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған «Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі» заңға қол қойды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң он бес күн ішінде БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін, яғни 2017 жылдың 15 қаңтарынан бастап қолданысқа түседі. Тек Конституцияның 70, 72, 75, 81 және 87-баптары 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Президент баспасөз қызметі хабарлағандай, референдум арқылы Конституцияға енгізілген өзгерістер тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға бағытталған. Парламентаризмді дамытып, сот және құқық қорғау органдарына реформа жүргізілу көзделген.

XS
SM
MD
LG