Ссылки доступа

Тәжікстан алюминий тотығы шығатын кенішті игермекші


Тәжікстан Курговад жеріндегі алюминий тотығы шығатын кенішті игере бастайды. Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы алюминий шығаратын ең ірі Талко компаниясы шикізатты өңдеу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жатыр.

Талко компаниясының баспасөз хатшысы Игорь Саттаров кеніш Совет одағы кезінде ашылғанын, тек оны игеру жұмысымен қазір айналыса бастағанын айтады. Ол сонымен бірге Яван қаласында алюминий өндіретін зауыт салынатынын тілге тиек етті.

Оның сөздерінше, басты проблема кенді Дарваздан Яванға жеткізу. "Егер оны көлікпен жеткізетін болсақ, кеннің бағасы өсіп кетеді. Сол үшін пульпаөткізгішпен тасуды шештік. Бұл үшін ірі инвестиция қажет. Қазіргі уақытта қытай тарапы бұл жобаға қызығушылық білдіріп отыр",-деді ол.

Парламенттік комитеттің төрағасы Садриддин Шариповтің сөздерінше, Курговад кенішіндегі қор 150 млн тонна. Орталық Азияда алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Тәжікстанның Турсунзада қаласында орналасқан.

XS
SM
MD
LG