Ссылки доступа

Ресей мен Түркия Сириядағы бітімгерлік туралы келісімді дайындады


Иранның қатысуымен Ресей мен Түркия әзірлеген Сирияға қатысты келісімде аймақтарға өзара ықпал етуі белгіленіп, Башар Асадтың келесі президент сайлауына дейін өкілеті сақталуы қарастырылған. Бұл жөнінде бірнеше дереккөздерге сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлайды.

Үш ел құрастырған бітімгерлік жобасына Дамаск, қарулы оппозиция, АҚШ және Парсы шығанағы елдері келісу керек. Егер қарсыласушы тараптар келісімді қолдаса, құжатты әрі қарай талқылау Қазақстан астанасында өтеді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Құрама Штаттарды келіссөз үстеліне шақырмайды.

28 желтоқсанда Түркияның сыртқы істер министрлігі Анкара мен Мәскеу Сирия аймағына бітімгерлік жүргізу жобасын әзірледі деп мәлімдеген. Бітімгерлік террористік топтардан басқа қарсыласушы тараптың барлығына тиесілі болады.

XS
SM
MD
LG