Ссылки доступа

Ашхабадта тапшы азық-түліктерге кезек азаяр емес


Ашхабадтың сауда нүктелері мен базарларында Жаңа жыл қарсаңында тауар түрлері көбейді. Бұған дейін саудадан жоғалып кеткен тауық еті мен жұмыртқа қайтадан сатыла бастады.

Түркіменстанда тауық еті бір ай, ал жұмыртқа екі апта сатылмады. Бұдан бөлек, астана базарларында сиыр, қойы еті, балық және балық өнімдері сатылып жатыр. Олардың көбі шетелден әкелінген.

Кондитерлік және сүт өнімдері Ресей, Украина және Қазақстаннан әкелінген. Бірақ мұндай тауарларға сұраныс аз.

Тұрғындар арзан құмшекер мен тауық етіне кезекке тұр. Халық арзан тауарды ғана сатып алып жатыр.

Ашхабадта тауар көбейгенімен, олардың бағасы да қымбаттағаны байқалады.

XS
SM
MD
LG