Ссылки доступа

Керри БҰҰ-ның израильдік қоныстар жөніндегі қарарын жақтады


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иерусалимдегі израильдік қоныстарды сынайтын қарарға дауыс беру нәтижесін қорғады. Керридің мәлімдеуінше, екі мемлекет құру – палестиналықтар мен Израиль арасында бейбітшілік орнатудың басты тетігі.

Керридің бұл мәлімдемесі АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметі арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен тұста жарияланды. Құрама Штаттар Қауіпсіздік Кеңесінде Египет ұсынған қарар жобасына дауыс беру кезінде қалыс қалған еді.

«БҰҰ-да дауысқа салынған қарар екі мемлекет құру және Израильдің болашағына кепілдік беру жөніндегі ережелерге қатысты болды», - деп мәлімдеді 28 желтоқсанда Мемлекеттік департаментте дипломаттар алдында баяндама жасаған Керри.

Келесі жылы АҚШ билігіне келетін Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі Обама аппаратын ашық сынап отыр.

XS
SM
MD
LG