Ссылки доступа

БҰҰ Бас хатшысы жаңа реформаларды талқылау үшін Трамппен кездесуге дайын


БҰҰ-ның жаңадан сайланған Бас хатшысы Антонио Гуттериш АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін Трамп Біріккен Ұлттар ұйымын реформалау керек деп мәлімдеген еді.

Қызметіне 1 қаңтарда кірісетін Гутерриш тез арада Трамппен ақылға қонымды диалог орнатқысы келетінін айтты.

«Онымен кездесуге мен мүдделімін. Құрама Штаттар БҰҰ-ның басты доноры ғана емес, ұйымның басты элементтерінің бірі», - деді ол.

28 қарашада Трамп Құрама Штаттардың ұйымға бөлетін қаражатын ол БҰҰ қызметін өзгерту үшін қолданатынын мәлімдеді. Бірақ Трамп қандай өзгерістер жасағысы келетінін айтқан жоқ.

XS
SM
MD
LG