Ссылки доступа

Өзбекстанда мереке қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді


Өзбекстанның құқыққорғау органдары мереке күндері қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Саидкәрім Нишонбоев.

"Мерекені жақсылап атап өту үшін тыныштық пен тәртіп керек. Ішкі істер органдарында мереке күндері бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін бекітілген жоспар бойынша әрекет етеді", - деді Нишонбаев.

Оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін орындар милицияның қырағы бақылауында болады. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы рейдтер өткізіледі", - деді министрдің орынбасары.

"Ол үшін бізге үнемі қырағылық танытуға тура келеді. Ішкі істер органдарының қызметі осы бағытта жетілдіріліп келеді", - деді Нишонбаев.

XS
SM
MD
LG