Ссылки доступа

Армян-әзірбайжан шекарасындағы қақтығыстан жауынгерлер қаза тапты


Ресми хабарлар бойынша, армян және әзірбайжан әскерлерінің 29 желтоқсанда шекарадағы қақтығысы салдарынан кем дегенде төрт жауынгер қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланды.

Арменияның қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыстан үш жауынгердің қаза тапқанын және тағы бірнешеуі жараланғанын хабарлады. Ереван бұны "әзірбайжандық әскердің Армения территориясына басып кіруге талпынысы" деп сипаттады.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі бір жауынгерінің қаза тапқаны туралы хабарлады. Армения қорғаныс министрінің өкілі Арцрун Ованнисян Facebook’те Чинари армян ауылының маңындағы атыста снайперлік винтовкалар және гранатометтер пайдаланғанын жазды.

Әзірбайжан мен Армения бірнеше жылдан бері Таулы Қарабах үшін жанжалдасып келеді. Таулы Қарабах - этникалық армяндар көп қоныстанған жікшіл әзірбайжан аймағы.

Қарабах 1990-жылдардың басындағы соғыс кезінде Әзірбайжаннан тәуелсіздігін жариялады, сол жылдардағы қарулы қақтығыстардан шамамен 30 мың адам қаза тапты. Биыл сәуір айында жікшілдерді қолдаушы Армения мен әзірбайжандық әскер төрт күн бойы атысты. Қақтығыстан шамамен 75 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG