Ссылки доступа

Назарбаев Шаханда құлаған үйден қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысы Шахан кентінде бес қабатты үйдің кіреберісі құлаған кезде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Тоғыз адам мерт болды.

Хабарламада Қазақстан Президентінің Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма бергені айтылған.

Қарағанды облысының әкімдігі марқұмдардың отбасына бір миллион теңге және зардап шегушілерге 500 мың теңге бөлеміз деп мәлімдегенін жазады жергілікті БАҚ. Сонымен бірге әкімдік қаза тапқандарды жерлеу рәсімін мойындарына алған. Мұнан бөлек комиссия шешімінен кейін, зардап шеккендерге өтемақы берілетіні айтылған.

1 қаңтарда Қарағанды облысы Шахан кентінде көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлаған. 1987 жылы салынған үйде 118 адам тұрып жатқан. Ал құлаған бөлігінде 25 адам болған.

XS
SM
MD
LG