Ссылки доступа

Сингапур компаниясы Өзбекстанда тыңайтқыштың жаңа түрін өндіреді


Өзбекстанның Бәсекелекстікті дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті мен сингапурлық Indorama компаниясы бірлескен Indorama Kokand Fertilizers кәсіпорнын құру жөнінде келісімге келді деп жазады жергілікті БАҚ.

Жаңа бірлескен кәсіпорын Қоқан суперфосфат зауыты базасында құрылып, қазіргі технологиямен минералды тыңайтқыш өндіріледі.

Жаңа технологияларды енгізу барысында Өзбекстанда бұрын-соңды өндірілмеген дикальций фосфаты, калий сульфаты және азотқышқыл калий шығарылады екен.

Жаңа компанияда шетелдік инвесторлардың үлесі 75 пайыз. Олар 80 миллион доллардан астам ақша құймақ. Жоба таяу бес жылда бірнеше кезеңмен жүзеге аспақ.

XS
SM
MD
LG