Ссылки доступа

Шаханда құлаған үйдің тұрғындары заттарын алып жатыр


Қарағанды облысы Шахан кентінде құлаған үйдің тұрғындарына заттарын алуға рұқсат берді деп жазады жергілікті БАҚ. 1 қаңтарда үйдің бір бөлігі құлап, тоғыз адам мерт болған.

Бүгін таңертең құлаған үйдің тұрғындары жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен оқиға орнына барған. Қазіргі уақытта полицияның ертіп жүруімен зардап шекпеген кіреберіс арқылы бір-екі адамнан заттарын алуға жіберіп жатыр. Бесқабатты үйдің қалған бөлігі де құлап қалу қаупі сақталып тұр. Қазақстанның қайта қалпына келтіру және дамыту институты құлаған ғимаратты тексеруде.

Қазіргі уақытта Шахан кентінде төтенше жағдай жарияланған. Құлаған үйінділерді тексеру жұмыстары аяқталған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға автономды жылу беретін қазандықтың жарылуы себеп болған.

XS
SM
MD
LG