Ссылки доступа

Әндіжанда "Қарқызын" аяусыз соққыға жыққан


Жаңа жылдың алғашқы күнінде Youtube порталы мен әлеуметтік желілерде Қарқызы костюмін киген жас жігітті бір топ ер азаматтың балағаттап, соққыға жыққан видеосы жарияланды.

Eltuz.com сайтының жазуынша, видеода зорлық, гомофобиялық сипат бар.

Видео кадрлерінде көрсетілгендей, бір топ ер азамат көшеде кетіп бара жатқан Аяз Атаға тиіспейді, бірақ оның жанындағы Қарқызы болып киінген адамды қоршап, балағаттайды. Бетін жұдырықтарымен ұрып, аяқтарымен тепкілейді. Бірақ Қарқызы болып киінген жігіттің жанына Аяз Ата костюміндегі адам келіп көмектеспейді. Ол қорқып, тасада қалады.

Өткен жылы Өзбекстанның Хорезм облысында осыған ұқсас оқиға орын алған.

Видеодағы сөздерге қарағанда, оқиға жаңа жыл қарсаңында Әндіжанда болған.

XS
SM
MD
LG