Ссылки доступа

Тәжікстанда кеденші жалған құжат үшін 12 жылға сотталды


Душанбе қалалық соты Тәжікстанның Мемлекеттік кеден қызметінің қызметкерін жалған құжат әзірлегені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Душанбе қалалық сотының дереккөзі кеден қызметінің бұрынғы қызметкері елге көлік әкелуге байланысты жалған құжат әзірлеп, 500 мың сомони пайда тапқанын хабарлайды.

Оның әрекеті белгілі болғаннан кейін, бұрынғы кеденші бой тасалаған. Бірақ бір айдан соң ұсталған. Тергеу барысында ол шығынды өтеуден бас тартқан.

Ресми ақпарат бойынша, Тәжікстанда шамамен 800 мыңға жуық жеңіл көлік бар. Мамандардың айтуынша, импортталған көліктердің дені неміс маркасы. Бірақ қаржы дағдарысы салдарынан көлік әкелу көлемі азайған.

XS
SM
MD
LG