Ссылки доступа

Душанбеде мектеп оқушыларының төбелесінен 2 бала қайтыс болды


Душанбедегі №43, 54 және 101 орта мектептерінің оқушылары төбелескен: екі оқушы қайтыс болды.

Мұғалімдердің хабарлауынша, оқушылар 3 қаңтарға қараған түні астаналық интернет-кафелердің бірінде төбелескен. Олар пышақ қолданған.

Қылмыс мотиві белгісіз. Төбелес кезінде екі оқушы пышақталған. Сейсенбі күні 11 сынып оқушысы Сомон Шариповты жерледі.

Мұғалімдердің бірінің айтуынша, төбелесті өткен жылы мектеп бітірген жастар шығарған. Оның айтуынша, қазір құқыққорғау органдары істі тексеріп жатыр. Төбелеске қатысқандар ұсталды.

XS
SM
MD
LG