Ссылки доступа

Ташкентте метроның жаңа бағытының құрылысы басталды


Ташкенттің Сергели ауданында метрополитен құрылысының жұмысы басталды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Жерасты қоғамдық көлігінің жаңа тармағы 8 километр көлемінде. Чиланза тармағының «Олмазар» станциясынан Спутник алқабына дейін созылады.

Барлығы алты станция салынады. Тармақ Чоштеп, Мирзо Турсунзода және Кипчок көшелерімен Марли көшесіне дейін жүреді. Алдын ала жоспар бойынша құрылыс жұмысына 4 жыл кетеді екен.

XS
SM
MD
LG