Ссылки доступа

Екі үміткер Бішкек мэрі болуға таласады


4 қаңтарда Қырғызстан астанасының әкімі болуға үміткерлерді ұсыну аяқталды. Заңға сәйкес, Бішкек әкіміне үміткерді фракциялар, көпшілік коалиции және қалалық кенеш пен елдің премьер-министрі ұсына алады. Сайлау 11 қаңтарда өтеді.

Бішкек қалалық кенешінің көпшілік коалициясы әкім тағына қазіргі мэр Албек Ибраимовты ұсынды. «Онугуу-Прогресс» оппозициялық фракциясы Нурдин Абдылдаевтың кандидатурасын қолдады. Елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков болса өзінің құқығын пайдалануды жөн деп санамады. Ол ешкімді ұсынбады.

Заңға сәйкес, сайлау қалалық кенеш депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы жүзеге асады. Егер сайлауға депутаттардың үштен екісі қатысса, сайлау өтті деп есептеледі.

XS
SM
MD
LG