Ссылки доступа

Керри: АҚШ Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерді қолдайды


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің мәлімдеуінше, Құрама Штаттар осы айда Астанада өтетін Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздерді құптайды және осы келіссөздер алты жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыстың аяқталуына септігін тигізеді деп үміттенеді.

"Біз Астанадағы келіссөздергі құптаймыз. Келіссөздер нәтижесінде бір қадам ілгері жылжиды деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Керри Вашингтонда 5 қаңтарда өткізген баспасөз конференциясында.

Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция өкілдері арасындағы келіссөздер орыс-түрік баспамасымен өткізіледі. Сириядағы жанжалды шешуде Вашингтон басты рөлді алып отырған жоқ.

Кездесу БҰҰ-ның бастамасымен өтетін бейбіт келіссөздерден бір ай бұрын өтеді. БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура бұл кездесуді келесі айда жинауға үміт артып отыр.

Мәскеу мен Анкараның араласуымен өткен аптада сириялық азамат соғысы біршама тыншыды.

XS
SM
MD
LG