Ссылки доступа

Тәжікстанда жағдайы қиын банктердің салымшылары ақшаларын ала бастады


Тәжікстан үкіметі өткен жылдың желтоқсан айында елдегі төрт банкті («Точиксодиротбанк», «Агроинвестбанк», «Фононбанк» және «Точпромбанк») дағдарыстан құтқару үшін 3 млрд 850 млн сомони бөлген еді.

«Точиксодиротбанк» баспасөз хатшысы Рахмонали Шералиевтің айтуынша, қазіргі таңда салымшылар банкоматтан күніне 100 сомониден шешіп ала алады, ал банктің сауда нүктелерінде орналасқан POS-терминалдары арқылы күніне 200 сомониге сауда жасауға болады.

Оның айтуынша, банк клиенттерге салымдарын 3 қаңтарда қайтара бастады. "Осылайша біз салым төлеуді 200 долларға дейін жеткіземіз. Осындай мүмкіндік үкіметтің қолдауынан соң пайда болды", - деп мәлімдеді Шералиев.

Бұған қоса ол банк басшылығы жылжымайтын мүліктерін саудаға шығарғанын айтты. Содан түскен қаражат арқылы қаржы мекемесі ірі салымшылардың төлемдерін өтеп береді.

«Агроинвестбанк» қызметкерінің хабарлауынша, банкоматтар келесі аптада жұмыс істей бастайды, ал әзірге банк клиенттері үшін талондық жүйе ұйымдастырылды. Ол бойынша салымшылар сейсенбі және бейсенбі күндері 500 сомони ала алады.

XS
SM
MD
LG