Ресми ақпарат бойынша, заңның мақсаты - қоғамда адамгершілік пен жастар тәрбиесін арттыру, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға жол бермеу.
Хабарларға қарағанда, қоғамдық тәртіпті бұзғандар 1 мыңнан 3 мың сомға дейін айыппұл төлейді. Жауапқа тартылған азаматтар айыппұлды төлей алмаса, оларды сегіз сағаттық қоғамдық жұмысқа салады немесе бес тәулікке қамайды.
Заң жобасында алкогольдік өнімдер немесе есірткі заттарын кәмелет жасқа толмағандардың қолдану мәселесіне көңіл бөлінген. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жасөспірімдердің ата-аналарына 2 мыңнан 3 мың сомға дейін айыппұл салынады.
Заңда қоғамға жат қылық жасаған жасөспірімдерге жаза қатайтылған. Мұндай бұзақылық үшін 5-10 мың сом айыппұл салынады.