Ссылки доступа

ММУ ректоры оқу мекемесін "олигархтар шеберханасы" деп атады


Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің (ММУ) ректоры Виктор Садовничий университетті "олигархтар дайындайтын шеберхана" деп атады. Бұл туралы ол оқу орнының қамқоршылық кеңесінде мәлімдеген.

"Ресейлік білім жүйесінің федералдық порталындағы мәлімет бойынша, ММУ ірі компанияларды басқаратын түлекшілер саны жөнінен бірін орында тұр. Оқу мекемелері арасында біз олигархтарды дайындау жағынан бірінші орындамыз", - деді ректор.

Бұған қоса, ол ММУ түлектерін жұмыспен қамту жөнінен Стэнфорд пен Оксфордтан кейінгі үшінші орында екенін атап өтті.

QS журналының Graduate Employability Rankings рейтингінде ММУ бір параметр бойынша ғана үшінші орын алған, ал жалпы рейтинг көрсеткіші бойынша ресейлік білім мекемесі алғашқы жүздікке де кірмейді.

XS
SM
MD
LG