«Қолдағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Сене алар емеспін. Біз жеңдік! Қымбатты ата-анам, сенімдеріңіз үшін сіздерге рахмет», - деп жазады ол.
Қырғызстандықтардың және италиялық блогер Сара Иццидің бірлесіп түсірген фильмі «Видео» категориясы бойынша National Geographic UK фотобайқауында жеңіске жеткен.
Картина авторлары бір апта бойында Ыстық көл жағалауында, Сон- көл өзені маңында, Орто-Тоғай суқоймасы маңында тұрғындармен кездесіп, түсірілім жасаған. Екі минөттік роликті жасауға үш апта кеткен. Қызығушылық білдіргендердің бәрі енді бұл бейнебаянды National Geographic сайтынан көре алады.