Түркіменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Кәрімов есімі Лебап уәлаятының әкімшілік орталығындағы бір көшеге берілді.
Жиналған жұрт алдында сөз сөйлеген Түркіменстан президенті екі елдің қарым-қатынасының дамуына Ислам Кәрімовтің қосқан үлесін атап өтті.
"Өзбекстан Республикасының алғашқы президентіне ескерткіш қою - сол істің әрі қарай жалғасқанын білдіреді", - деді Бердымұхамедов.
Өзбекстан және Түркіменстан басшылары ескерткішке гүл қойды.