Оның сөздерінше, Түркиядан әкелінген көліктер ресейлік автобустарға қарағанда әлдеқайда арзан. Әрбір автобусқа қала бюджетінен 85 мың еуро бөлінген. Бұған дейін Душанбе Ресейде жасалынған автобустардың біреуін 125 мың еуроға сатып алып келдік дейді Курбон Саидзода.
Душанбе вице-мэрі барлық автобустардың ішіне бейнебақылау орнатылғанын айтады. Ол сонымен бірге алдағы үш айдың ішінде астанада қоғамдық көліктерге электронды төлеу жүйесі іске қосылатынын хабарлады.
40 автобус таяуда ғана Түркиядан әкелінді. Олар өткен аптада келу керек болған. Бірақ Наурыз мерекесіндегі демалыс күндерге байланысты Иран шекарасында біраз күн тұрып қалған.
Душанбе қаласы әкімшілігі көлік бөлімінің меңгерушісі Хуршеда Кабирова Түркияға тапсырыс берілген барлық 64 автобус жеткеннен кейін, астанада қоғамдық көлік мәселесі жақсарады дейді.