Ссылки доступа

Манчестердегі жарылыстан 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды


Сразу после взрывов
Сразу после взрывов

Жарылыс америкалық поп-жұлдыз Ариана Гранде әнін аяқтай салысымен болған. Бұл теракт болуы мүмкін.

Англиялық Манчестер қаласының концерт залында 19 адам қаза тапты, 50 шақты адам жараланды.

Жарылыс себебі әзірге белгісіз, бірақ жергілікті полиция террористік акт нұсқасын қарастырып отыр. BBC телеарнасының полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс болған орыннан жақын маңнан тағы бір жарылғыш зат табылған.

Жарылыстан зәресі ұшқан халық есікке қарай жүгірді.

Жарылыс орнында саперлер жұмыс істеп жатыр. Концерт залына жақын аудандарды әскери полиция шолып жүр. Жақын маңдағы темір жол станциясы жабылды.

Гранде ән шырқаған Manchester Arena концерт залы Еуропадағы ең үлкен сахна саналады, жарылыс болған күні оған 22 мың адам жиналған.

XS
SM
MD
LG