Ссылки доступа

Тәжікстан Венадағы ЕҚЫҰ конференциясына қатысудан бас тартты


Тәжікстан делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) терроризмге әкелетін азаптауды жою тақырыбына арналған конференцияға қатысудан бас тартты. Шара 23-24 мамырда Венада өтеді.

Конференцияға Тәжікстанның бас прокуратура, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер министрлігі өкілдері шақырылған.

Тәжікстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөз делегация мүшелері Австрия астанасына билет сатып алғанын, бірақ соңғы уақытта шараға қатысудан бас тарту жөнінде шешім қабылдағанын айтады.

2016 жылдың желтоқсан айында Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның аймақтардағы сөз еркіндігі тақырыбында конференция өткен. Душанбе бұл жиынға да қатысудан бас тартқан. Себебі Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясы мен «Группа 24» ұйымының өкілдері 2016 жылдың қыркүйек айында өткен ЕҚЫҰ шарасына шақырылған болатын. Олар Тәжікстандағы сөз еркіндігі мен адам құқықтарының бұзылып жатқанын сөз еткен.

XS
SM
MD
LG