Ссылки доступа

Трамп АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімінен шыққанын жариялады


Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп ғаламдық жылынуға қарсы тұру жөніндегі Париж келісімімен Құрама Штаттардың шыққанын жариялады. Бұл құжатты Парижде 2015 жылы 22 сәуірде атмосфераның ластануына қарсы ондаған мемлекет қабылдаған еді.

Париж келісіміне әлемнің 195 мемлекеті қосылды. Енді АҚШ бұл келісімді қолдамаған Сирия мен Никарагуаға қосылды.

Құрама Штаттарда климаттың өзгеруімен күресушілер көп болып шықты. Тіпті ауаны ластаушылардың бірі саналатын көмір компаниялары да президент Трампқа үндеу жолдады.

Америкалық миллиардер, Tesla, SpaceX және PayPal компанияларының тең құрылтайшысы әрі президент Трамптың кеңесшілерінің бірі Илон Маск Құрама Штаттар Париж келісімінен шығатын болса, "Ақ үйдегі кеңестен кететінін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG