Ссылки доступа

БҰҰ Бас хатшысы Орталық Азия елдеріне барады


БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдеріне - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанға іс-сапармен барады деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.

8−9 маусымда Гуттериш Астанада болып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

10 маусымда БҰҰ бас хатшысы Самарқанға барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірге Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық форумның ашылуына қатысады. Осы күннің екінші жартысында Гутерриш Қарақалпақстандағы Арал маңы ауданына барады. Онда ол Арал теңізінің жағдайын тікұшақпен аралап көреді.

11 маусымда БҰҰ басшысы Бішкекке барып, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездеседі. Одан кейін Ошқа барып, 2010 жылдағы қайғылы маусым оқиғасын еске алу шарасына қатысады.

12 маусымда Антониу Гутерриш Тәжікстанға, 13 маусымда Түркіменстанға барып, ел президенттерімен кездеседі. Душанбеде ол тұрақты даму жөніндегі конференцияда сөз сөйлеп, Ашхабадта Орталық Азиядағы терроризмге қарсы күрес шарасына қатысады.

XS
SM
MD
LG