Ссылки доступа

Назарбаев Қазақстан мен Қытайды не байланыстыратынын айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қытай лидері Си Цзиньпинмен кездесу барысында Қазақстанның дамуы мен Қытайды не байланыстыратынын айтты. Назарбаев Қытайды «жақын көрші» ғана емес, «сенімді қарым-қатынаста» құралған «досы» деп атады.

Назарбаев екі мемлекет арасында шешілмейтін мәселе жоқ деді. «Қытай Қазақстанның экономикада шетелдік инвестиция тарту жағынан негізгі серіктесі. Бастысы біз энергетикалық ынтымақтастық мәселесін шештік. Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын қытайлық компания өндіреді. Біз өте мұқият қараймыз, себебі олар – жақсы серіктестер», - деді Қазақстан президенті.

Мәлім болғандай, Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Қытайдың ұлттық мұнайгаз корпорациясының (CNPC) төрағасы Ван Илинь Астанада мұнайды пайдалануды үш жылға созу жөнінде меморандумға қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана Қытайдан 51 өндіріс кәсіпорнынды Қазақстанға көшіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр деді.

XS
SM
MD
LG