Ссылки доступа

АҚШ президенті FBI-дің жаңа басшысын таңдады


АҚШ президенті Дональд Трамп адвокат Кристофер Рэйді Федералды тергеу бюросының (FBI) директорлығына таңдады. Шолушылардың пікірінше, Рэйдің беделі екі партия арасында да жоғары. Сенат оның кандидатурасын еш қиындықсыз қолдауы мүмкін.

Президент бұл шешімін Конгрестегі бір партиялас әріптестеріне ескертпестен, Twitter арқылы жариялады.

2003 - 2005 жылдар аралығында Кристофер Рэй Бас прокуратура жанындағы Тергеу комитетін басқарған. Оның алдында прокурор ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған терактіге қатысы бар террористік ұйымдарды зерттеумен шұғылданған. Сонымен бірге Enron компаниясының басшыларына қатысты ірі коррупциялық іске жетекшілік етті. Ол Нью-Джерси штатының губернаторы Крис Кристидің жеке адвокаты болған.

Осыған дейін Федералды тергеу бюросын басқарған Джеймс президент Трамптың жарлығы бойынша қызметінен алынды. 8 маусымда Коми сенатта былтырғы сайлау кампаниясына Ресейдің араласуы мүмкін деген жанжалға байланысты сенаторлардың сұрақтарына жауап береді.

XS
SM
MD
LG