Ссылки доступа

Тәжікстанда DHL, TNT, UPS және Pony Express жұмыстары тоқтап қалды


Тәжікстанда белгісіз уақытқа DHL, TNT, UPS және Pony Express халықаралық компанияларының қызметі тоқтап қалды.

DHL неміс компаниясының өкілі 1 маусымнан бастап азаматтардың сәлемдемелерін алуға тыйым салғанын айтады. «Кеше біз Тәжікстан үкіметінің байланыс қызметінен ескерту алдық. Олар компания жұмысы қайта тіркеуден өткенше тоқтайтынын ескертті», - дейді ол.

Тәжікстанның байланыс қызметінің өкілі Илхом Атоев аталған компаниялар жұмыстарының тоқтап қалуы «Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы» заңның күшіне енгенімен байланыстырады. «Заңды барлығы сақтау керек. Аталған компаниялар байланыс қызметіне лицензия бойынша өтініш берулеріне болады», - деді ол.

Заңға сәйкес, лицензияны Тәжікстанның үкіметі жанындағы байланыс қызметі береді. Осыған дейін пошта қызметіне лицензия қажет болмаған.

XS
SM
MD
LG