Ссылки доступа

Қырғызстанда жарылғыш зат әзірлеген топ мүшесі ұсталған


Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 маусымда халықаралық террористік ұйымның мүшесі М. А деген азаматты ұстаған. Ол жарылғыш зат әзірлеп, теракт жасауға дайындалған деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, күдікті жанкешті ретінде арнайы идеологиялық дайындықтан өтіп, жарылғыш зат жасауды үйренген. Ол өзі мүше ұйымның тапсырмасымен адам көп жүретін қоғамдық орында теракт жасауға дайындалған.

«Арнайы оперативті-тергеу шарасы бойынша күдіктіні ұстады. Ол тұрған пәтерден жарылғыш зат жасайтын құрылғылар, экстремистік мазмұндағы аудио және видеоматериалдар мен қару-жарақ табылды», - делінген хабарламада.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Бүгінде Қырғызстанда қызметіне тыйым салынған 20-ға жуық ұйым бар делінеді. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, бүгінде Сирия мен Иракта 600 қырғызстандық террористік ұйым қатарында соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG