Ссылки доступа

Ташкент облысында Мирзияев келеді деп он күндік сенбілік жариялаған


Ташкент облыстық халықтық білім беру басқармасы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев келеді дегеннен кейін, он күндік сенбілік жариялаған.

Халықтық білім беру басқармасының хатында барлық мектептің жетекшілеріне президентпен кездесуге дайындалуды тапсырған. Мектеп айналасын ретке келтіріп, президентпен кездесетін мұғалімдерді дайындықтан өткізуді бұйырған.

Ташкент облысы Зәңгі ата ауданындағы мұғалім мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбірімізден кемінде 120-180 доллар сұратып жатыр, одан басқа бізді маусымдық мақта теру жұмысына мәжбүрлейді. Шын мәнінде осының бәрі бізді жалықтырды», - дейді ол.

Облыстық халықтық білім беру басқармасының қызметкері Хаёт Валиев Ташкент облысында он күндік сенбілік жарияланғанын растады.

XS
SM
MD
LG