Әлеуметтік желілерде бет-аузын бүркеп, қолына автомат ұстаған жігіттің анасынан кешірім сұраған видеосы кеңінен талқыланып жатыр. Видеоның әр жағында атылған оқтың дауысы естіледі.
Ер адам қырғыз тілінде «Мама, мен тірі қалмайтын секілдімін. Кешіріңіз. Мұнда келіп, қателік жасаппын. Олар жазықсыз балаларды өлтіріп, әйелдерді зорлап жатыр»,- дейді.
Бұл видео қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Кейбір әлеуметтік желіні қолданушылар әскери киім киген адамды «жақсы әртіс» деп те атаған.
Қырғыз арнайы қызметінің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 600 қырғыз азаматы соғысып жүр.