Ссылки доступа

HRW: БҰҰ бас хатшысы Орталық Азиядағы адам құқықтары жағдайын көтер керек


Құқық қорғаушылар БҰҰ бас хатшысы Антони Гутерриштен Орталық Азияға алты күндік сапары барысында адам құқықтары жағдайын көтеруді сұрайды.

HRW пікірінше, бас хатшы Орталық Азия басшыларына митингке шыққандарды қудалауды тоқтату, зорлық-зомбылықты болдырмау және сөз еркіндігіне қысымдық жасамау секілді талаптарды қою керек.

Құқық қорғаушылар Гутерриш Қазақстанды адам құқықтарын қамтамасыз етуге шақыру керек дейді. Ал Өзбекстанға қатысты президент Мирзияев түрмеден саяси тұтқындарды босатқанымен, елде адам құқықтарының сақталуында ілгерілік байқалмайтынын айтады HRW.

HRW Гутерришті Қырғызстанда азаматтық белсенді, өмір бойы түрме жазасына кесілген Азимжан Асқаровтың ісіне мән беруге шақырады.

12 маусымда Антони Гутерриш Тәжікстан және Түркіменстанға сапарын аяқтайды.

XS
SM
MD
LG