Ссылки доступа

Өзбекстандағы тұңғыш банктің негізін қалаушыға билік көмектесуге уәде берген


Өзбекстандағы бірінші жекеменшік банк «Рустамбанктің» негізін қалаушы, кәсіпкер Рустам Усманов бас прокуратура өкілдері өзіне көмектесеміз деп уәде етті деп мәлімдеді.

Рустам Усмано 19 жыл түрмеде отырып шыққаннан кейін, биыл 14 ақпанда бостандыққа шыққан. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың атына жазған ашық хатында «президент аппаратында жұмыс істеймін деп таныстырған Дильшод Исмаилов деген азамат менен 60 миллион АҚШ долларын талап етті» деп жазған. ​

Рустам Усманов прокуратура өкілдерімен сөйлескенін, олар көмектесуге уәде еткенін айтады. Оның сөздерінше, 400-500 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін бизнес-жоспар құрып қойған.

Экономист білімі бар Рустам Усманов 1948 жылы Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында дүниеге келген. 1987 жылы ол Өзбекстаннан ара өсіретін кәсіпорын құрып, кейін Орталық Азияның климатына ыңғайлы құрттар өсіріп миллиондаған табыс тапты.

1992 жылы кәсіпкер Өзбекстандағы тұңғыш жеке банк «Рустамбанктің» негізін қалады. Бірнеше уақыт өткеннен кейін ол Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің көзіне түсті. 1998 жылдың 19 қазанында Әндіжан соты Рустам Усмановты алаяқтық жасады, шетел валютасын заңсыз сатты деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырды. Бостандыққа шығуға бірнеше күн қалғанда, абақтының ішкі тәртібін бұзды деп, мерзімін тағы да 5 жылға созды.

XS
SM
MD
LG