Ссылки доступа

Қазақстан мен Қытай арасында бірнеше құжатқа қол қойылды


Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары кезінде Қазақстан мен Қытай арасында екі жақты бірқатар құжаттарға қол қойылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысуға келген Си Цзиньпин бүгін Астанада Қазақстан прзеиденті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.

Кездесуде Қазақстанға тікелей инвестиция тартатын Қытай-Қазақстан өндірістік қуат ынтымақтастығы қоры кірістерінің кейбір түрлерін салықтан босату туралы келісімге қол қойылған. Кездесуде Си Цзиньпин Астананың Қытайдан Қазақстанға 51 кәсіпорынды көшіру жұмыстарын жасап жатқанын айтты.

Астанада қол қойылған құжаттар арасында Қорғас өзенінде селден қорғайтын "Шұқырбұлақ "Алмалы)" бөгетін бірлесе салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім, бірлескен киноөндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Қытайдың Қазақстан білім және ғылым министрлігіне суперкомпьютерлер беру туралы меморандумы бар. Сонымен қатар Қазақстан қаржы министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік салық әкімшілігі салық мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен Қытайдың CCTV орталық телеарнасы да өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.

Си Цзиньпин Астанаға 7 маусымда кешке келген. Ол мұнда бүгін басталатын ШЫҰ елдері басшыларының саммитіне қатысады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин соңғы рет 15 мамырда Пекинде Қытай президентінің Ұлы Жібек жолын жаңғыртатын "Бір белдеу – бір жол" бастамасы бойынша өткен саммитте кездескен.

XS
SM
MD
LG