Ссылки доступа

Тәжік эксперті: Терроризм туралы ақпаратты 5 пайыздан аз қолданушы алады


Тәжікстандағы «Интернет саясатындағы азаматтық бастама» қоғамдық қорының жетекшісі Мұхамадди Ибодуллоев депутаттың үш миллион адамның 80 пайызы әлеуметтік желілерде террористік пиғылдағы ақпаратқа тап болады деген пікірін жаңсақтық деп атады.

Оның сөздерінше, Тәжікстанда интернет қолданушылардың тек бес пайызы ғана террористік және экстремистік мазмұндағы ақпаратты оқиды.

Тәжікстан парламентінің депутаты Джурахон Маджидзода 7 маусымда «Ислам мемлекеті» (ИМ) Орталық Азия азаматтарына күніне 90 мың SMS-хабарлама жібереді деп мәлімдеген. Оның сөздерінше, үш миллион интернет қолданушының 80 пайызы әлеуметтік желілерден террористік пиғылдағы ақпаратты оқиды.

Ал интернетті дамытуға арналған қоғамдық қордың жетекшісі депутат биліктің жастарды террористік ұйым қатарына интернет арқылы тартады деген мәлімдемесін түсінбеген болу керек дейді.

«Мен өзім Стратегиялық зерттеу институтының конференциясына екі рет қатыстым. Онда ИМ қатарына кіретін жастардың 80 пайызын интернет арқылы арбайды деген пікір айтылды», - дейді Ибодуллоев.

XS
SM
MD
LG