Ссылки доступа

Мирзияев Атамбаевты Өзбекстанға шақырды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанада басталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесті. Бұл жөнінде қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан президенті Атамбаев Самарқанға барғаннан кейін, уақытты өлшеу жақсы дәстүрге айналды деді. «Бүгінгі біздің уақытты өлшеуіміз екі жақты қарым-қатынастың қарқынды дамып жатқанын білдіреді. Тауар айналымы айтарлықтай өсті, шекара маңындағы облыстардың байланыстары да тереңдеп жатыр. Біз қай жерде кездеспесек те, тек алға жылжу үшін бәрін жасаймыз», - деді ол.

Шавкат Мирзияев Алмазбек Атамбаевты Өзбекстанға шақырды. «Егер біз кәсіпкерлік қауымдастықты біріктіретін болсақ, жақсы жетістіктерге жетуші едік. Ең бастысы біз шекарамыз ашық болу үшін бәрін жасауымыз керек», - деді Өзбекстан президенті.

Алмазбек Атамбаев әріптесінің шақыруын қабыл алып, бірігіп жұмыс істеуге әрқашанда дайын екенін жеткізді.

Кездесудің қорытындысы бойынша, екі елдің басшылары шекараны делимитациялау жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды.

XS
SM
MD
LG