Ссылки доступа

Түркіменстан халқы жеңілдіктердің алынуына алаңдайды


Түркіменстан үкіметінің халыққа арналған барлық жеңілдіктерді алып тастау жөніндегі шешіміне тұрғындар алаңдаушылық білдіреді.

Түркіменстан президент Гурбанғұлы Бердымұхамедов үкіметке елдегі әлеуметтік жеңілдіктер жүйесінің бәрін алып тастауға тапсырма берген. Президент әлеуметтік жәрдем тек ғана мұқтаж адамдарға берілетінін айтқан.

Құқық қорғаушы Фарид Тухбатуллиннің сөздеріне қарағанда, жеңілдіктерді алып тастау халықтың тұрмысына едәуір әсер етеді. Ол халықтың дені жұмыссыз, адамдар тек уақытша жұмысқа ғана жалданып істейді дейді.

Ашхабад шолушысы Аманмырад Бугаев әлеуметтік көмекті алып тастау әсіресе ауыл халқына әсер етеді дейді. "Жұмыссыз етек алған кезеңде, ауыл тұрғындарының көбі аулаларына көкөніс егіп, мал өсіріп күн көріп жатыр, енді газ, су, жылуға ақша төлесе, оларға ауыр болайын деп тұр", - дейді саяси шолушы.

Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов 1993 жылы халық суды, газды және жылуды 2030 жылға дейін тегін қолдансын деген жарлық шығарған еді.

XS
SM
MD
LG